Categories Қоғам

Астанадағы ауруханада медбикеден туберкулез табылды: қауіп бар ма?

Сурет: Aikyn.kz

Астанадағы көпсалалы ауруханалардың бірінде жұмыс істейтін медбикеден туберкулез анықталды. Оның жұмысқа ресми рұқсаты болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медбике жоспарлы тексеруден өтіп жүрген. Ауру белгілері байқалған соң оны қосымша зерттеп, диагнозды растаған.

«Қазір науқас оқшауланып, ем алып жатыр. Ауруханада арнайы дезинфекция жүргізілді. Байланыста болған қызметкерлер мен пациенттерге тексеру тағайындалды», — деді басқарма өкілі.

Мамандар туберкулездің ауа-тамшылы жолмен таралатынын ескертіп, алдын алу шараларын күшейтуді сұрайды. Қазіргі уақытта індеттің таралу қаупі жоқ деп есептеледі.

Ұқсас жазбалар

317-орын: Еуразия ұлттық университеті QS рейтингінде көш бастады

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті QS World University Rankings рейтингінде 317-орынға ие болды.

Лудоманияға қарсы ғылыми күш: Жетісуда зерттеу орталығы ашылды

Жетісу университетінде лудомания мәселесін зерттейтін орталық ашылды. Ғалымдар құмар ойынға тәуелділікпен күрестің ғылыми негізін қаламақ.

42 жыл құжатсыз жүрген азаматқа алғаш рет жеке куәлік берілді

42 жыл бойы ешқандай құжаты болмаған азамат алғаш рет жеке куәлік алды. Бұл оқиға Батыс…