Астанадағы асханаларда иттің еті сатылып жатыр деген ақпарат жалған болып шықты

Астанадағы қоғамдық тамақтану орындарында ит еті сатылып жатыр деген ақпарат расталмады. Қала әкімдігі тексеріс жүргізіп, заңбұзушылық анықталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде елордадағы кейбір асханалар мен дәмханалар иттің етін пайдаланады деген қауесет тараған еді. Осыған байланысты қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен ветеринария қызметі бірлесіп, жоспардан тыс тексеріс жүргізді.

«Тексеріс барысында қоғамдық тамақтану орындарында ит етін сату немесе пайдалану фактілері анықталған жоқ. Бұл ақпарат негізсіз және жалған», — деді Астана қаласы әкімдігінің ресми өкілі.

Әкімдік тұрғындарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырып, қауесет таратқандарға заң аясында шара қолданылатынын ескертті.

Ұқсас жазбалар

Алматыда күдікті адамды тұрғындар ұстап, полицияға тапсырды

Алматының Түрксіб ауданында күдікті ер адам ұсталды. Тінту кезінде оның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған…

Астанаға 2025 жылы 1,6 миллион турист келді, оның 380 мыңы шетелдік

2025 жылы Астанаға 1,6 миллион турист келді, оның 380 мыңы шетелдік. Жылдың алғашқы тоқсанында 352,2…

Астана күнінде елордада 24 сәби дүниеге келді

6 шілдеде Астана күнінде сағат 00:00-ден бастап елордада 24 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.