Сурет: Ашық дереккөз
Әлеуметтік желілерде Астанадағы «AMANAT» партиясының орталық аппараты орналасқан ғимараттың маңдайшасы «Әділет» болып өзгергені қызу талқылануда. Бұл өзгеріс еліміздің басқа қалаларында да жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Көпшілік бұл өзгерісті жарыса жазып жатыр. Әлеуметтік желідегі жазбаларда мұндай өзгеріс 20 жыл бұрын болғаны, 2006 жылдың жазында «Асар» партиясы «Отан» партиясының құрамына қосылу туралы шешім қабылдағаны, содан кейін «Нұр Отан» партиясы құрылып, араға жылдар салып оның атауы AMANAT болып өзгергені айтылады.

