Сурет: ҚазАвтоЖол
Астана қаласының айналма жолының бір учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Жол 9 тамыздан 13-не дейін уақытша жабылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Республикалық маңызы бар KZ01-01 «Астана қаласының айналма жолы» автомобиль жолының 22–30 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты қозғалысқа уақытша шектеу қойылды.
Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы облысындағы ақылы жол тарифтерінің екі есе өскені туралы жазған болатынбыз.
Мазмұнға өту
