Сурет: Egemen Qazaqstan
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 24 апатты тұрғын үйді мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде алу туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы «Вечерняя Астана» газетіне сілтеме жасап, Egemen.kz хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мүлік реквизиция тәртібімен мемлекет меншігіне алынады. Реквизиция дегеніміз – төтенше жағдай кезінде мемлекеттің меншік иесінің мүлкін мәжбүрлі түрде алып қоюы.
Әкімдік келесі мекенжайлардағы жылжымайтын мүлікті сатып алады:
- Сарыарқа ауданы, Атбасар көшесі, 1-үй;
- Сарыарқа ауданы, Молдағұлова көшесі, 18/2-үй, 1, 2, 3, 4, 6-пәтерлер;
- Сарыарқа ауданы, Құтпанов көшесі, 24-үй;
- Байқоңыр ауданы, Лев Толстой көшесі, 5-үй, 2, 3, 6-пәтерлер;
- Сарыарқа ауданы, Сеченов тұйық көшесі, 8-үй, 1, 2, 5, 6, 7-пәтерлер;
- Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 21-үй, НП-1, 1, 2;
- Байқоңыр ауданы, Жүнісов көшесі, 7-үй, 25, 24, 44, 24А, 24Б, 27, 26, 28А-пәтерлер;
- Байқоңыр ауданы, Досмұхамедұлы көшесі, 8-үй, НП-1, НП-2;
- Байқоңыр ауданы, Досмұхамедұлы көшесі, 12-үй;
- Байқоңыр ауданы, Досмұхамедұлы көшесі, 4-үй, НП-1;
- Сарыарқа ауданы, Герцен көшесі, 2А-үй, 1, 9, 2, 4, 7, 5-пәтерлер;
- Сарыарқа ауданы, Молдағұлова көшесі, 18/3-үй, 1, 6, 2, 3, 5-пәтерлер;
- Сарыарқа ауданы, Сеченов тұйық көшесі, 6-үй, 3, 4, 1-пәтерлер;
- Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 19-үй;
- Сарыарқа ауданы, Дукенұлы көшесі, 3-үй, 1, 2-пәтерлер;
- Сарыарқа ауданы, Дукенұлы көшесі, 5-үй, 1, 2, 3-пәтерлер;
- Сарыарқа ауданы, Құсжолы көшесі, 8-үй, 4, 5-пәтерлер;
- Сарыарқа ауданы, Сейфуллин көшесі, 18/4-үй, 1, 2, 3-пәтерлер;
- Сарыарқа ауданы, Сейфуллин көшесі, 18/3-үй, 1, 2, 3-пәтерлер, 18А ғимараты;
- Сарыарқа ауданы, Сейфуллин көшесі, 18/5-үй, 2, 1-пәтерлер;
- Байқоңыр ауданы, Абай даңғылы, 87/2-үй;
- Байқоңыр ауданы, Абай даңғылы, 87/1-үй;
- Сарыарқа ауданы, Ұланбел көшесі, 3-үй, 1, 2, 3, 4, 4А-пәтерлер;
- Сарыарқа ауданы, Алтынсарин көшесі, 14-үй, 1, 2, 3, 4, 5, 6-пәтерлер.
Мүлікті мемлекет меншігіне алу рәсімі 2027 жылғы 9 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.
Сонымен қатар 21 жер учаскесі де мәжбүрлі түрде мемлекет меншігіне алынады. Мүлікті алып қоюға 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы, Астанадағы тұрғын үй қорын 2030 жылға дейін реновациялау бағдарламасы, қаланың Бас жоспары, сондай-ақ техногендік сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы әкімнің шешімі негіз болған.
Қаулыны орындау және қаржыландыру міндеті Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына жүктеледі.
