Сурет: Астана әкімдігі
Астанада жылу желісін тарту жұмыстарына байланысты қаладағы жолдардың бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қ. Қайсенов көшесінің Т. Рысқұлов көшесімен қиылысатын тұсында 2026 жылғы 14 тамыз күні сағат 21:00-ден 17 тамыз күні сағат 05:00-ге дейін аталған учаскеде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
«Жүргізушілер бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруі қажет. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргізілетін аумақта тиісті жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, елордада Бөгенбай батыр даңғылы тамыздың соңына дейін жабылады.
Мазмұнға өту
