Сурет: polisia.kz
Елордада тұрғын үй маңында отшашу атқан 32 жастағы тұрғын 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзған тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.
Астана қаласы Полиция департаменті белгіленген талаптарды бұза отырып, қоғамдық орындарда пиротехникалық бұйымдарды пайдалану азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, айналадағы адамдардың тыныштығын бұзуы мүмкін екенін еске салады. Мереке қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болмауға тиіс.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында көліктердің бірінің жолаушысы люктен шығып, отшашу атқан еді.
Мазмұнға өту
