Сурет: Polisia.kz
Астанада түнде пиротехникалық бұйымдарды қолданып, тұрғындардың тыныштығын бұзған ер адам әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елордада 35 жастағы азамат баласының туғанын атап өту үшін үйлер арасындағы аумақта отшашу жасаған. Пиротехникадан шыққан қатты дыбыстар тұрғындардың тыныштығын бұзған.
Оған қатысты ұсақ бұзақылық және тыныштықты бұзу фактілері бойынша шара қолданылды. Сот шешімімен ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.
Бұған дейін Астанада түнгі уақытта пиротехника қолданып, тұрғындардың тыныштығын бұзған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Мазмұнға өту
