Басты тақырып

Астанада түнгі клубта газды тапаншамен атыс шығарған ер адам 4 жыл 8 айға сотталды

Сурет: istockphoto.com

Астана қаласының тұрғыны түнгі клубта газды тапаншадан оқ атқаны үшін 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, сотталушы спирттік ішімдік ішіп, газ толтырылған шарларды тұтынған соң түнгі клубқа келушілерге себепсіз тиісіп, қоғамдық тәртіпті бұзған. Оның әрекетіне ескерту жасап, мінез-құлқының себебін сұраған азаматқа күдікті газды тапаншадан кеуде тұсына екі рет оқ атқан. Жәбірленуші дене жарақатын алған. Оқиғадан кейін күдікті қашып кеткен. Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен ол газды қаруды қолданып бұзақылық жасағаны үшін 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Көп оқылғандар