Басты тақырып

Астанада төрт айда 87 рет жол ережесін бұзған BMW жүргізушісі қамалды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада төрт ай ішінде жол қозғалысы ережесін 87 рет бұзған 29 жастағы BMW жүргізушісі әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған. Полицияның мәліметінше, жүргізуші наурыз бен маусым аралығында жылдамдықты 55 рет асырған, сондай-ақ қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолаққа 32 рет заңсыз шыққан.

Құқық бұзушылықтардың бірінде ол рұқсат етілген 60 км/сағ орнына 151 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Бұдан басқа, бірнеше рет 129 км/сағ-тан жоғары жылдамдықпен қозғалған сәті бейнебақылау камераларына тіркелген.

Полиция мұндай әрекеттер жол қозғалысының басқа қатысушыларына елеулі қауіп төндіргенін атап өтті. Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Көп оқылғандар