Сурет: Egemen Qazaqstan
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымының басталуына орай су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар күн сайын Есіл өзенінде патрульдеу жүргізіп, қауіпті учаскелерде үш мобильді құтқару бекетін жұмылдырған. Тұрғындар мен қала қонақтары үшін шомылуға бес ресми орын бекітілген. Жабдықталмаған және қауіпті жерлерде шомылуға тыйым салынғанын ескертетін белгілер орнатылған.
Судағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі шомылуға арналмаған орындарда болады. Сондықтан тұрғындар мен қала қонақтарын тек ресми жағажайларда демалуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және мас күйінде суға түспеуге шақырамыз, — деді Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Бауыржан Ахметалин.
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

