Сурет: ІІМ
Астанада тамыздың 30-ы күні кешке дамуында ерекшеліктері бар қыз жоғалып кетті. Оны іздеуге ефрейтор Достық Жақсылық қызметтік иті Хайзимен бірге шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Хайзи қыздың ізін соңғы рет көрген жерден алып, шамамен бір шақырым жүргеннен кейін жоғалған баланы тауып алды.
Полицей үшін бұл адам өмірін сақтап қалған алғашқы жағдай емес. 2024 жылы қызметтен кейін үйіне қайтып бара жатқанда ол көпір қоршауының ар жағында тұрған ер адамды байқап қалған. Ефрейтор кездейсоқ өтіп бара жатқан адаммен бірге ер азаматты өміріне қауіп төндіретін қадамнан сақтап қалған.
