Сурет: Polisia.kz
Астанада полиция қызметкерлері есірткі заттарын сақтаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
28 жастағы ер адамның пәтерінен алдын ала бөлшектелген есірткі заты бар пластик түтікшелер табылды. Есірткі шкафта сақталған.
Полицейлер 100-ден астам бөлшектелген каннабис шайырының дозасын, есірткі ыдысын, электронды таразыны және есірткіні өлшеп, буып-түюге арналған басқа да заттарды тәркіледі. Есірткінің жалпы салмағы бір келіден асты.
Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ішкі істер министрлігі еліміздің түкпір-түкпірінде есірткі сақтап, таратумен айналысатын адамдарды ұстауда. Жақында Алматыда 33 жастағы ер адамның көлігінен 130 орама есірткі табылған.
Мазмұнға өту
