Сурет: Видеодан кадр
Астанадағы А105 көшесіндегі №11 үйдің ауласында ойнап жүрген баланы электр тоғы соқты. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тұрғындардың айтуынша, бұл жерден жоғары кернеулі кабель өтеді. Олар кабельден сақтану үшін құрылыс компаниясы мен тиісті мекемелерге бірнеше рет өтініш білдірген. Алайда «Ғаламат» құрылыс компаниясы тұрғындардың өтінішін елемей, кабельді электр желісінен ажыратып, үстін топырақпен көміп тастаған. Ал бүгін түнде кабель қайтадан ұшқындап, соның салдарынан бала тоққа түскен.
Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баланың №2 қалалық балалар ауруханасында жатқанын хабарлады. Оның жағдайы ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, бала жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір балаға терапия жүргізіліп, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Астана әкімдігі бұған дейін «Ғаламат» құрылыс компаниясына кабельді талапқа сай көму туралы ескертулер берілгенін айтты. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, жақында Қарағанды облысының Долинка кентінде Заводской көшесінде жас баланы тоқ соққан еді. Ол да жансақтау бөліміне түскен. Сонымен қатар, Теміртау қаласындағы 4А ықшам ауданындағы тұрғын үйлер маңында үш кәмелетке толмаған баланы электр тоғы соққан.
Мазмұнға өту
