Сурет: ашық дереккөз
Астанада оқу жылының басталуына байланысты мектептер мен балабақшалар маңында көлік қозғалысы артты. Осыған орай Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы жүргізушілерді көлікті тек рұқсат етілген орындарға қоюға шақырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Орталықтың мәліметінше, белгіленбеген жерге тоқтаған немесе тұраққа қойылған көлік жол қозғалысына қауіп төндіреді. Әсіресе жаяу жүргіншілер өткелінің жанындағы көліктер балалар мен басқа да жаяу жүргіншілерге жолды көруге кедергі келтіреді, бұл оларды жолдың жүріс бөлігіне шығуға мәжбүр етуі мүмкін.
Сонымен қатар, дұрыс қойылмаған көліктер жедел жәрдем, өрт сөндіру және полиция көліктерінің өтуіне бөгет жасайды. Мұндай жағдайда арнайы қызметтердің оқиға орнына уақытылы жетуі қиындайды.
Оқу жылы басталғанда мектептер мен балабақшалардың айналасында жаяу жүретін балалар көбейеді. Сондықтан білім беру ұйымдарына апаратын жолдардың ашық болуы және жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі көріністің шектелмеуі маңызды.
Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы жүргізушілерге жол жүрісі қағидаларын сақтауды, тыйым салу белгілерінің аймағында және жаяу жүргіншілер өткелдерінде көлік қоймауды кеңес берді.
«Көлікті рұқсат етілген орынға қою – жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әр жүргізушінің қосқан үлесі», деп атап өтті орталық.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында жүк көліктеріне уақытша шектеу қойылғанын хабарлаған болатынбыз.
