Қоғам

Астанада мас күйінде көлік жүргізген 24 жүргізуші анықталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астана полициясы өткен демалыс күндері алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 24 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері түнгі сағат бір шамасында елорда көшелерінің бірінде Haval автокөлігін тоқтатты. Көлікті 38 жастағы ер адам басқарған. Медициналық куәландыру оның мас екенін көрсетті.

«Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ер адам 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.

Астана қаласының Полиция департаменті мас күйінде көлік жүргізу жол қозғалысы қауіпсіздігіне, азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін және заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Көп оқылғандар