Сурет: Qazinform News Agency
Астанада LRT арқылы әуежайға баратын жолаушылар саны өсіп келеді. Бұл туралы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Бекен Сейдахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
BIZDIÑ ORTA подкастында ол LRT-ның қосылуы елорда әуежайына қалай әсер еткенін айтып берді.
«LRT желісі жолаушыларға қызмет көрсету жағдайын жақсартты. Әуежайға пойыз вагондары көбіне жолаушыларға толы келіп жатыр. Көп жағдайда жастар сапарлап жүргенін бақадым және 200 теңгелік тариф қолайлы деп ойлаймын. Мәселен, таксимен қала орталығынан әуежайға дейінгі жету құны әлдеқайда жоғары. Кешкілік уақытта тариф тағы да өсуі мүмкін», — деді Бекен Сейдахметов.
Ол LRT-ның қосылуы такси қызметінің тарифін төмендетуге ықпал еткенін атап өтті.
«Сонымен қатар, қала автожолдарындағы кептеліс кезінде LRT арқылы жету уақыт үнемдейді», — деді басқарма төрағасы.
Еске салайық, Астанада жаңа әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады.
Мазмұнға өту
