Сурет: Видеодан алынған кадр
Астанада тұрғын үйдің лифт есігін бүлдірген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Бауыржан Момышұлы даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде түнгі уақытта болған. Мас күйдегі ер адам лифт есігін бірнеше рет аяғымен теуіп, ортақ мүлікке зиян келтірген. Сот шешімімен ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.
«Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтады. Оған қоғамдық орында мас күйде жүргені, тыныштықты бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін заң аясында шара қолданылды. Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», делінген полиция хабарламасында.
Айта кетейік, Атыраудағы «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінде лифт үшінші қабаттан төмен құлап, ішінде болған төрт адам зардап шекті. Үш адам ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.
Мазмұнға өту
