Сурет: newtimes.kz
Әлеуметтік желілерде Астанадағы Роза Бағланова көшесінде қыздың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Куәгердің айтуынша, көпқабатты үйдің терезесінен секірген қыз курьердің мопедіне құлаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Жедел жәрдем мен аумақ қоршауға алынғанға дейін сол жерден өтіп бара жаттым. Тек қыздың денесі жатты. Курьер қасында қатты абдырап тұрды. Меніңше, қыз оның мопедіне құлаған», деп жазды әлеуметтік желі қолданушысы.
Полиция суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша қыз көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кеткен. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Мазмұнға өту
