Сурет: Egemen Qazaqstan
Ішкі істер министрлігі есірткі құралдарын жеткізу мен өткізу арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Астана қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті Telegram мессенджері арқылы есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің «қоймасы» қызметін атқарған.
Тінту барысында, сондай-ақ бұрын жабдықталған жасырын орындарды тексеру кезінде орау материалдары, zip-lock пакеттері және төрт килограмнан астам синтетикалық есірткілер — α-PVP мен мефедрон тәркіленді. Бұл елорда аумағында таралуына жол берілмеген 12 мыңнан астам бір реттік доза.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ішкі істер министрлігі есірткіні жеткізу, сақтау және тарату арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырады, — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Мазмұнға өту
