Сурет: polisia.kz
Астанада «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде синтетикалық есірткі сақтаған күдікті ұсталып, 2 келіден астам есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер есірткі таратуға қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы ер адамды анықтады. Ол жалға алынған автокөлікпен үйінің маңында жүріп келе жатқанда ұсталды.
Күдіктінің рюкзагын тексеру кезінде полиэтилен пакетке салынған ақ түсті ұнтақ тәрізді зат табылды. Сараптама оның шамамен 1 келі альфа-PVP екенін көрсетті.
Тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында ас үйдегі шкафтан құрамында мефедрон мен каннабис шайыры бар екі пластик ыдыс алынды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 2 келіден асты.
Тергеу барысында ұсталған азаматтың «қойма» рөлін атқарып, есірткіні сақтап, таратушыларға бергені анықталды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, өзге де қатысушылар анықталып жатыр.
Мазмұнға өту
