Сурет: ашық дереккөз
Астанада Lada автокөлігінің жүргізушісі түнгі уақытта дрифт жасап, жол қозғалысына қауіп төндірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға түнгі сағат 00:00 шамасында тіркелген. Патрульдік полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүргізушіге қатысты шара қолданды. Автомобиль коммуналдық тұраққа қойылды.
22 жастағы жүргізушіге қатысты іс материалдары сотқа жолданды. Сот шешімімен құқықбұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Патрульдік полиция мұндай әрекеттердің жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін екенін еске салады.
Бұған дейін Таразда BMW көлігінің жүргізушісінің қауіпті дрифт жасағаны «Жедел басқару» орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталған болатын.
Мазмұнға өту
