Сурет: Polisia.kz
Астана полициясы қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады. Оқиға елордадағы «Триатлон» саябағында пиротехникалық бұйымдарды атуға байланысты болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
19 жастағы жігіт досын туған күнімен ерекше құттықтағысы келіп, саябақта пиротехника атқан. Алайда бұл әрекеті әкімшілік жауапкершілікке әкелді.
Сот шешімімен құқық бұзушы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция қоғамдық орындарда пиротехниканы белгіленген талаптарды бұзып қолдану азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, айналадағылардың тыныштығын бұзуы мүмкін екенін ескертеді. Мереке қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болмауға тиіс.
Мазмұнға өту
