Қоғам

Астанада Бөгенбай батыр даңғылы тамыз айының соңына дейін жабылады

Сурет: ашық дереккөз

Астанада Бөгенбай батыр даңғылының Шоқан Уәлиханов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты 11-31 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Көліктер жолдың бір жағымен екі бағытта жүреді.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады», — делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар, Семейде жаңа автокөлік көпірінің құрылысы жоспар бойынша жүріп жатыр. Бұл нысан қала бөліктері арасындағы байланысты жақсартып, қолданыстағы көпірлерге жүктемені азайтады.

Қазақстан Польшамен көпірлерді цифрлық жобалау бойынша бірлескен жобаларды бастайды.

Көп оқылғандар