Қоғам

Астанада бетперде киген ер адам стоматологиялық клиниканы тонап кетті

Сурет: Видеодан скрин

Астанада полиция стоматологиялық клиникада болған ерекше ұрлықтың бетін ашты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, ер адам кілтті тауып алып, жабық ғимаратқа кірген. Ол бұған дейін түрін жасыру үшін басына қара шұлық киген. Клиникадан ноутбуктер, гаджеттер мен сейфті алып кеткен. Келтірілген шығын шамамен 2 млн теңгені құрады.

Алайда ер адам бетперде кигенге дейін көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жазбалар арқылы полиция оның жеке басын анықтады. Күдікті 34 жастағы Астана тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Көп оқылғандар