Қоғам

Астанада атпен контент түсірген блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сурет: Видеодан скринделген

Астанада әлеуметтік желіге арнап контент түсірмек болған 35 жастағы блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, ер адам атпен автокөлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолағы арқылы қозғалған. Жылқы жол бойындағы тротуарды ластап, жасыл желекке зиян келтірген.

«Аталған құқық бұзушылықтар бойынша блогерге қатысты әкімшілік іс қозғалып, заң аясында жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, өзгелердің қауіпсіздігі мен қолайлылығына кедергі келтіретін әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін ІІМ TikTok-та бейәдеп контент таратқан 20-дан астам стример жауапқа тартылғанын хабарлаған болатын.

Көп оқылғандар