Қоғам

Астанада Алаш тасжолының бір бөлігі уақытша жабылады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада Алаш тасжолында салмақ өлшейтін датчиктерге арналған бетон жабындысын орнату жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, жұмыс жүргізілетін учаскенің ұзындығы 400 метрді құрайды.

«5-25 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл ретте көлік қозғалысы қарсы бағыттағы жолақтар арқылы ұйымдастырылады», — делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Көп оқылғандар