Сурет: Egemen Qazaqstan
Астанада TikTok-та бейнежазба түсіріп, балағат сөздер айтқан ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында құқыққа қайшы бейнежазба анықталған. Онда ер адам қоғамдық орында бейнежазба түсіріп, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Кейін ол бейнежазбаны өзінің парақшасында жариялап, құқыққа қайшы әрекетін көпшілікке таратқан.
Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтаған. Құқық бұзушы 32 жастағы Мирас Беркинбаев болып шықты. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.
Сондай-ақ, TikTok-та бейәдеп контент таратқан 20-дан астам стример жауапқа тартылды. Полиция әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізеді және азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, әлеуметтік желілерде әдеп нормаларын ұстануға шақырады.
Мазмұнға өту
