Сурет: istockphoto.com
31 шілдеде Астанада ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін жетеді. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, 1 тамызда елордада ауа райы құбылмалы бұлтты болады. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +22…+24 градус, ал күндіз +33…+35 градус шамасында болады.
2 тамызда да күн құбылмалы бұлтты болмақ. Түнде жаңбыр жауып, найзағай соғуы мүмкін. Түнгі уақытта ауа температурасы +20…+22 градус, күндіз +31…+33 градус болады деп күтілуде.
Мамандар тұрғындарға аптап ыстық кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, ыстық уақытта сыртта ұзақ жүрмеуге кеңес берді.
Еске сала кетейік, 14 шілдеде елордада ауа температурасы +38,6 градусқа жетіп, 1992 жылғы рекорд жаңарған еді.
Мазмұнға өту
