Басты тақырып

Астанада 14 шілдеде ауа температурасы +38,6°C-қа жетіп, 1992 жылғы рекорд жаңарды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада 14 шілдеде ауа температурасы +38,6 градусқа көтеріліп, 1992 жылғы рекорд жаңарды. Бұл елордадағы метеобақылау тарихындағы ең ыстық күн болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, бұл көрсеткіш 1992 жылы 14 шілдеде тіркелген +35,3 градустан 3,3 градусқа жоғары. Синоптиктер бұған дейін 14 шілдеде ауа температурасы +37…+39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін екенін ескерткен болатын.

13 шілдеде де аптап ыстық рекордтық деңгейге жақындады. Сағат 13:40-та елордадағы ауа температурасы +35,9 градусқа жетті. Ал осы күнге арналған абсолютті максимум 1935 жылы тіркелген, сол кезде термометр бағаны +39,5 градусты көрсеткен.

Бұл Астанада соңғы уақытта тіркелген алғашқы температуралық рекорд емес. 23 маусымда елордада ауа температурасы +36,8 градусқа дейін көтеріліп, 1941 жылғы алдыңғы максимумнан (+36,4 градус) асып түскен еді.

Көп оқылғандар