Басты тақырып

Астанада 1200 орындық жаңа мектеп құрылысы басталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа мектептің құрылысы басталды. Жобаға Арнаулы мемлекеттік қордан 7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

1200 оқушыға арналған заманауи білім ордасы елорданың «Нұра» ауданында салынады. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысанды келер жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Жаңа мектеп аудандағы халық санының өсуіне және оқушы орындарының тапшылығына байланысты салынуда. Құрылыс алаңының маңында №84, №85, №89, №97 мемлекеттік мектептер жұмыс істейді. Жаңа білім ордасы аталған мектептердің жүктемесін азайтып, оқушыларға қолайлы жағдай жасайды.

Қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылуда. Үкімет 610 млрд теңгеден астам қаражатқа 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдаған. Бұл қаражат өңірлердегі білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салуға және жаңғыртуға жұмсалады.

Көп оқылғандар