Categories Қоғам

Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды: ата-аналарға кеңес

Сурет: gov.kz

Астанада бүгін, 27 мамырдан бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Бұл – қаладағы барлық мектепке қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, құжаттарды онлайн және жеке өзі тапсыруға болады. Ата-аналарға ең алдымен мектептің ресми сайтын немесе «Электрондық үкімет» порталын пайдалану ұсынылады.

«Биыл бірінші сыныпқа 18 мыңнан астам бала барады деп күтілуде. Сондықтан ата-аналарға кезекті күтпестен, құжаттарды уақытында тапсыруды ескертеміз», – деді қалалық білім басқармасының өкілі.

Құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. Әр мектепке бекітілген сынып санына сәйкес орындар бөлінген. Егер мектепте орын жетпесе, баланы жақын маңдағы басқа білім ошағына жібереді.

Ұқсас жазбалар

Мектептердегі топтық аурулар екі есе өсті: Денсаулық сақтау министрлігі не анықтады?

Соңғы үш жылда мектептердегі топтық аурулар екі есе өскен. Денсаулық сақтау министрлігі 347 тексеру жүргізіп,…

25 жылдағы рекорд: 3,9 млн оқушы биыл мектеп бітірді

Биыл Қазақстанда 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтады. Бұл соңғы 25 жылдағы ең жоғары…

215 мың түлек мектеппен қоштасты: Елімізде соңғы қоңырау соғылды

25 мамырда елімізде соңғы қоңырау соғылып, 215 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты. Биыл 3,9 миллион…