Сурет: Egemen Qazaqstan
Бүгін таңғы 08:43-те Астана – Щучинск автожолындағы «Астана» ақы алу пунктіне кіреберісте Toyota Land Cruiser Prado көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлде ұйықтап кеткен. Салдарынан көлік басқарудан шығып, үшінші және төртінші қозғалыс жолақтарының арасындағы жол инфрақұрылымы нысандарына соғылған. Бұл жерде жол белгісі, жолақтарды бөлетін қорғаныш буфері және бетон блок зақымданған.
Оқыс оқиғада зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші көлікте жалғыз болған және медициналық көмектен бас тартқан.
Жол-көлік оқиғасына байланысты үшінші және төртінші жолақтардағы қозғалыс уақытша тоқтатылды. Оқиға салдары толық жойылғаннан кейін сағат 11:34-те қозғалыс қайта қалпына келтірілді.
Мазмұнға өту
