Сурет: Видеодан скрин
Астана маңындағы демалыс орындарының бірінде ер адам кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, ер адамға шұғыл медициналық көмек қажет болғанымен, демалыс орнында дәрігер де, құтқарушы да болмаған. Жедел жәрдем келгенше зардап шегушіге алғашқы көмекті сол жерде демалып жүрген азаматтар көрсеткен.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас Астанадағы №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген.
«Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланады. Ол анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Қажетті ем толық көлемде көрсетіліп жатыр», делінген басқарма жауабында.
Оқыс оқиғаға байланысты Аршалы аудандық полиция бөлімі жұмыс істеп жатыр.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады полиция бөлімі.
Мазмұнға өту
