Сурет: Egemen Qazaqstan
Бүгін Астана әуежайында автоматты өрт дабылы жүйесіне жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жұмыс өрт дабылы датчиктерін тазалау және профилактикалық қызмет көрсету мақсатында жүргізіледі.
Жұмыстардың болжамды уақыты 13:00-ден 17:00-ге дейін. Жұмыстар жүргізілетін кезеңде автоматты өрт дабылы жүйесінің қысқа мерзімді іске қосылуы мүмкін. Жолаушылардан, әуежай қызметкерлері мен жалға алушылардан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, аталған ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз, делінген хабарламада.
Айта кетейік, мұндай профилактикалық жұмыс наурыз айында жүргізілді.
Мазмұнға өту
