Қоғам

Астана әуежайында электронды темекі шеккен шетел азаматы рейстен шеттетілді

Сурет: istockphoto.com

Тбилиси – Астана бағытындағы рейсте ұшақ дәретханасында электронды темекі шеккен 38 жастағы шетел азаматы Астана әуежайында рейстен түсірілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көлік полициясының мәліметінше, ер адам ұшу кезінде электронды темекі пайдаланған. Ол әуе кемесі командирінің актісі негізінде рейстен шеттетіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Жыл басынан бері Қазақстанда 193 жолаушы алкоголь ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін ұшақтан түсірілген. Бұдан бөлек, 40 жолаушы әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін пайдалануға тыйым салынған талапты бұзған. Көлік полициясы ұшақ бортында электронды темекі мен вейпті қоса алғанда, кез келген темекі және никотин өнімдерін пайдалануға тыйым салынғанын еске салды», делінген хабарламада.

Көп оқылғандар