Спорт

Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында сегізінші орын алды

Сурет: ТСМ

Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ерлер арасында 110 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыс аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл салмақта Қазақстан намысын 2024 жылғы әлем чемпионы (102 келі) Артем Антропов қорғады. Өкінішке қарай, ол жаңа салмақта жүлдегерлер қатарына ене алмай, сегізінші орынға тұрақтады.

Жарыс қорытындысы бойынша: бірінші орынды өзбекстандық Акбар Джураев 432 кг (198+234) нәтижемен иеленді. Екінші орында ирандық Алиреза Насири 418 кг (185+233), үшінші орында түрікменстандық Шахзадбек Матякубов 417 кг (187+230) көрсеткішімен тұрақтады. Артем Антропов 393 кг (167+226) нәтижемен сегізінші орынды алды.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатында күміс медаль иеленсе, Пётр Хребтов үздік үштікке енді. Ал Алексей Чуркин жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орында тұрақтады.

Көп оқылғандар