Басты тақырып

Арқалық әуежайына IATA халықаралық коды — AYK ресми түрде берілді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Көлік министрлігі Арқалық қаласындағы әуежайға IATA кодын беру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Осы жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылғы 12 тамызда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Арқалық әуежайына AYK ресми кодын берді. Бұл код бұрын да қолданылған, енді ол қалпына келтірілді.

Бұл код бірегей болып табылады және әуежайдың әлемдік брондау жүйелеріне, әуебилеттерін рәсімдеуге, рейстер кестесіне және азаматтық авиациядағы басқа да жаһандық ақпараттық жүйелерге интеграциялануына мүмкіндік береді.

Көп оқылғандар