Қоғам

Ақылы жолдарда көлік қозғалысы: Алматы – Қонаев көш бастады

Сурет: istockphoto.com

2026 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның ақылы жолдарымен көліктер 68,3 миллион рет жүрген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының дерегінше, ең көп қозғалыс Алматы – Қонаев бағытында тіркелді – 10,8 миллионнан астам көлік. Екінші орында Шымкент – Өзбекстан шекарасы бағыты (8 миллионнан астам көлік), үшінші орында Шымкент – Тараз жолы (5,6 миллион көлік) тұр.

Алғашқы бестікке Тараз – Қайнар (4,9 миллион) және Шымкент – Қызылорда (4 миллион) бағыттары кірді. Елордадан шығатын жолдар арасында Астана – Теміртау бағыты көш бастап, онда 3,6 миллионнан астам көлік жүрісі тіркелген. Астана – Щучинск бағытымен 3,4 миллион, Астана – Павлодар жолымен 2,1 миллион көлік өткен.

Көлік ең аз жүрген бағыт – Бейнеу – Ақжігіт жолы: он айда 130 616 көлік жүрісі тіркелген. Бурылбайтал – Құрты учаскесінде бұл көрсеткіш 264 253 болды.

Еске салайық, 9 қарашада Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты жазғы дөңгелекпен республикалық тасжолдарға шыққан 744-тен астам көлік кері қайтарылды.

Көп оқылғандар