Categories Жайық news

Ақтөбеде 58 жыл күткен жаңалық: құтқарушылар апатты ғимараттан жаңа депоға көшті

Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Қарауылкелді ауылында 58 жылдан соң жаңа өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін жергілікті құтқарушылар 1968 жылы салынған, әбден тозығы жеткен ғимаратта жұмыс істеп келген. Апатты жағдайдағы нысан заманауи талаптарға мүлдем сай болмаған.

Аумағы кең, елді мекендері бір-бірінен шалғай орналасқан аудан үшін жаңа бөлімнің ашылуы аса маңызды оқиға болды. Заманауи депо жеке құрамның қызмет етуі мен тұрмыстық жағдайын айтарлықтай жақсартты.

Жаңа ғимаратта техникаға арналған гараж бокстары, диспетчерлік бөлме, асхана, оқу сыныптары, жабдықтар қоймасы, демалыс бөлмелері және газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті қарастырылған. Сонымен қатар, құтқарушылардың дене дайындығы үшін бөлім аумағында спортзал, футбол алаңы және жаттығу аймағы салынды.

Ашылу салтанатында қызметкерлерге жаңа техниканың кілттері табысталды. Олардың қатарында жедел-құтқару автомобилі мен ауданның жолсыз жерлерінде жүруге қауқарлы, өтімділігі жоғары жүк-жолаушылар көлігі бар.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…