Categories Жайық news

«Ақтілеу» әжелер ансамблі бірліктің үлгісін көрсетті

Қайыңды ауылындағы №238 референдум учаскесінде «Ақтілеу» әжелер ансамблі ұлттық киім киіп келіп, дауыс берді. Ауылдың ақ жаулықты аналары қоғамдық маңызды шараға белсенді қатысып, ел бірлігі мен татулығының жарқын үлгісін көрсетті.

Ақ жаулықты аналардың бұл қадамы ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, референдум учаскесіндегі белсенділікті арттыра түсті. Ұлттық киіммен келген әжелер елдік пен татулықтың, ұрпақтар сабақтастығының символына айналды.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…