Сурет: kaztag.kz
2026 жылдың 23 шілдесінде АҚШ 1974 жылғы Сауда туралы заңның 301-бөлімі аясында жүргізілген тергеу қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
2026 жылдың 24 шілдесінен бастап Қазақстанда өндірілген жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде қосымша кедендік баж енгізіледі. Бұл шара АҚШ Сауда өкілдігі бекіткен ерекше тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларға қолданылмайды.
Бұған дейін қолданылып келген 10% мөлшеріндегі уақытша импорттық үстеме белгіленген 150 күндік мерзімнің аяқталуына байланысты өз күшін жойды. Осыған байланысты бұрынғы үстеме жаңа кедендік бажға қосылмайды.
Сауда және интеграция министрлігінің есептеулеріне сәйкес, Қазақстанның АҚШ-қа экспортталатын өнімдерінің шамамен 95%-ына қосымша кедендік баж бұрынғыдай қолданылмайды.
Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан экспорттаушыларының мүдделерін қорғау және өзара тиімді шешімдерге қол жеткізу мақсатында АҚШ тарапымен өзара іс-қимылды жалғастырып келеді.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп 19 тамыздан бастап Канададан әкелінетін бірқатар тауарға қосымша 50 пайыздық баж салығын енгізді.
Мазмұнға өту
