Әлем

АҚШ-та Трамп билікке келгелі 250 мыңнан астам виза күшін жойды

Сурет: ашық дереккөз

АҚШ Мемлекеттік департаменті президент Дональд Трамп 2025 жылы қызметіне кіріскеннен бері 250 мыңнан астам визаның күшін жойғанын мәлімдеді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Томми Пиготт Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Президент Трамп пен Мемлекеттік хатшы Марко Рубионың тұсында Мемлекеттік департамент 250 мыңнан астам визаның күшін жойды. Бұл – Америка халқын қорғауға деген мызғымас ұстанымымызды көрсететін тарихи көрсеткіш», деді ол.

Пиготттың айтуынша, АҚШ билігінің виза беру туралы әрбір шешімі «елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатысты шешім» болып саналады. Оның мәлімдеуінше, тұрақты тексерулердің арқасында АҚШ билігі қылмыс жасайтын, терроризмді қолдайтын немесе америкалық иммиграциялық жүйені теріс пайдаланатын адамдарды «бұрын-соңды болмаған ауқымда» анықтап отыр.

«АҚШ визасы – құқық емес, артықшылық. Егер сіз осы артықшылықтың шарттарын бұзсаңыз, одан айырыласыз», деп қосты Пиготт.

Айта кетейік, Литва Қазақстандағы виза орталығын жабады. Осындай орталықтар Қырғызстан, Өзбекстан және Босния және Герцеговинада да жұмысын тоқтатады.

Көп оқылғандар