Басты тақырып

АҚШ-та аптап ыстықтан 25 адам қаза тапты

Сурет: Egemen Qazaqstan

АҚШ-тың шығыс бөлігіндегі ыстық ауа массасы 20-дан астам штатта температураны +38°C-тан жоғары көтерді. The Guardian дерегінше, экстремалды ыстықтан кемінде 25 адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ең ауыр жағдай Нью-Джерсиде тіркелді, мұнда 22 адам қайтыс болды. Марқұмдар кондиционерсіз үйлерден, автокөліктерден және көшелерден табылған.

Иллинойс пен Миссисипи билігі де ыстықтан адам өлімін растады. Вашингтонда Тәуелсіздік күнінде 50-ден астам адамға медициналық көмек көрсетілді.

АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі халықты күн астында ұзақ жүрмеуге, суды көп ішуге және жақындарының денсаулығын бақылауға шақырды.

Көп оқылғандар