Әлем

АҚШ грин-картаға өтінімді тек сырттан қабылдайды: жаңа ережелер

Сурет: istockphoto.com

Америка Құрама Штаттары грин-карта алу тәртібін өзгертті. Енді тұрақты тұруға рұқсат сұрағандар өтінімді тек АҚШ-тан тыс жерде тапсыра алады. Бұл өзгеріс құжатсыз мигранттардың жағдайын одан әрі қиындатады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа ереже бойынша, АҚШ-та заңсыз жүрген адамдар енді ел ішінде грин-картаға өтінім бере алмайды. Олар үшін бұл – үлкен кедергі. Себебі көпшілігінің туған еліне қайтуға мүмкіндігі жоқ немесе қауіпті.

«Бұл шешім АҚШ-та тұрақты тұру құқығынан айырылған құжатсыз мигранттардың санын арттырады. Олар енді елден кетуге мәжбүр, бірақ қайтып кіруге рұқсат ала алмайды», – дейді сарапшылар.

АҚШ билігінің бұл қадамы иммиграциялық саясатты қатайтуға бағытталған. Өзгеріс әсіресе Орталық Америка мен Азиядан келген мигранттарға қатты әсер етеді. Қазақстандықтар да осы тізімге ілігуі мүмкін.

Көп оқылғандар