Categories Жайық news

АҚШ Аляскадағы саммиттен кейін Зеленский және Путинмен үшжақты кездесуді ұйымдастырмақшы

АҚШ президенті Дональд Трамп Аляскада Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуден кейін бірден Украина президенті Зеленский де қатысатын үшжақты кездесу өткізгісі келетінін, «егер ола қаласа, оған өзі де қатысатынын» айтты.

Дональд Трамп егер Ресей Украинадағы соғысты тоқтатуға келіспесе, “салдары өте күрделі” болады деп ескертті.

Оның айтуынша, Путинмен кездесу “қазір қай жерде тұрғанымызды” және “не істеп жатқанымызды” анықтау үшін керек. АҚШ президенті сонымен бірге Путиннен “тиісті жауаптар” алынбаса, ендігәрі мұндай кездесу өтпейтінін де жеткізді.

Бұған дейін Ақ үйдегі дереккөздерге сүйенген CBS News үшжақты кездесуге дайындық та басталып қойғанын хабарлаған. Ақпарат құралы Трамп үшжақты келіссөз жөнінде алғаш рет 11 тамызда айта бастағанын да еске салды.

Сәрсенбі күні Украина президенті Владимир Зеленский және Еуропа басшыларымен сәрсенбі күнгі талқылауға тоқталған Трамп “өте жақсы кездесу” болғанын айтты.

АҚШ-Ресей саммиті 15 тамызда Аляскадағы Анкоридж әскери базасында өтпек.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…