Жайық news

Ақордада маңызды тағайындау: Әсет Ерғалиев жаңа қызметке келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсет Ерғалиев жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақорданың ресми хабарлауынша, ол енді Президент кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметін атқарады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Әсет Ерғалиев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған еді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Көп оқылғандар