Жайық news

Ақ үй Украинаға талап қойды: Мамырға дейін сайлау өткізу керек

Close-up of a person placing a vote in a transparent ballot box with an American flag print.

АҚШ Украинадан биыл 15 мамырға дейін президент сайлауы мен Ресеймен бейбіт келісім бойынша референдум өткізуді талап етіп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы британдық Financial Times (FT) басылымы жазды. Басылымның дерегінше, ресми Киев бұл жоспарды АҚШ президенті әкімшілігінің қысымынан кейін қарастыра бастаған.

Алайда FT-ке сұхбат берген украиналық және батыстық дереккөздер бұл жоспардың іске асуына күмәнмен қарайды.

«Бұл бастаманың жүзеге асуы екіталай. Себебі бәрі Ресей президенті Владимир Путиннің бейбіт келісімге келу-келмеуі сияқты көптеген факторға тікелей байланысты», – дейді дереккөздер.

Көп оқылғандар