Басты тақырып

Аптап ыстық пен өрт қаупі: 27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Қазгидромет» 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық пен өрт қаупі сақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Күндіз Атырау облысында +40…+43 градус, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде +40…+43 градус, Маңғыстау облысында +43…+45 градусқа дейін өте қатты ыстық болады. Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Алматы облыстарында +35…+39 градус, Маңғыстау облысында +38…+42 градус, Қызылорда және Түркістан облыстарында +40…+42 градус ыстық күтіледі.

Бұдан бөлек, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал Қызылорда, Жамбыл, Атырау облыстарында, Ұлытау облысында, сондай-ақ Түркістан, Жетісу, Қарағанды, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында төтенше өрт қаупі жарияланды.

Бұған дейін синоптиктер 27 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын да болжаған.

Көп оқылғандар