Басты тақырып

Апофис астероиды 2029 жылы Жерге жақындап, жер жүзінің 90 пайызы көреді

Сурет: ESA-Science Office

Соңғы есептеулер бойынша, 2029 жылдың 13 сәуірінде Апофис астероидын планетамыздың 7,6 миллиардқа жуық тұрғыны, яғни Жер халқының шамамен 90 пайызы көре алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Түнгі аспанда бұл астероид жарқыраған жарық нүктесіне ұқсайды. Ол толған Ай дискісінің диаметріндей аспан аумағын шамамен бір минут ішінде кесіп өтеді.

Апофис – адамзатқа белгілі ең қауіпті астероидтардың бірі. Оның диаметрі шамамен 375 метр, бұл 40 қабатты зәулім ғимараттың биіктігіне тең. 2029 жылы жақындаған кезде астероид Жерден небәрі 32 мың шақырым қашықтықта өтеді.

Апофис Жерге геостационарлық спутниктерден де жақын келеді. Ғарыш аппараттары шамамен 35,8 мың шақырым биіктіктегі орбитада орналасқан, ал астероид одан да төмен деңгейде өтеді.

Көп оқылғандар